1-ші қаңтардан зейнетақы көбейетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1-ші қаңтардан зейнетақы көбейетін болды

1-ші қаңтардан зейнетақы көбейетін болды

Жаңа жылдан бастап зейнетақы мөлшері көбеймек! Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келесі жылдан бастап оны 9 пайызға өсіруді жоспарлап отыр.

  • 13 Желтоқсан 2012
  • 341
Фото - Caravan.kz


Бейнеттің зейнетін көріп жүрген жандар үшін бұл жағымды жаңалық бүгін аталмыш ведомствоның алқа жиынында мәлім болды. Тиісті құжат жақын күндері Үкіметке жіберілмекші. Осылайша, ең төменгі зейнетақы 17 жарым мыңнан 19 мың теңгеге көтеріледі. Биыл да зейнетақы 9 пайызға өскен болатын. Ал жыл сайынғы инфляция мөлшері 8 пайыздан кем емес. Сондықтан Үкімет тұрғындардың сатып алу мүмкіндігін төмендетпес үшін зейнетақы мөлшерін де өсіруді шешкен.