1-шілдеден бастап Қазақстанның бірқатар аумақтарында қоғамдық көлікпен жол жүру қымбаттады
Қостанайда жұмада қалалық автобустармен жол жүру қымбаттады. |
1-шілдеден бастап оның бағасы бұрынғы 45 теңгенің орнына 50 теңге болды, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне қала әкімшілігінің тұрғын үй -коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Валерий Рымарев.
Сонымен қатар 7-15 жастағы балалар үшін автобуспен жүру бағасы 25 теңге, зейнеткерлер үшін - 40 теңге. Жеті жасқа дейінгі балалар үшін, мүгедектердің кейбір санаттары үшін, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін жеңілдіктер сақталған.
В.Рымаревтің айтуынша, тарифтерді арттыруға негіз болған жанар-жағар майдың қымбаттауы, коммуналды қызмет ақысының артуы және автопаркті ұстауға жұмсалатын шығынның артуы.
Павлодарда жұмада автобус және маршрут таксимен жүру 5 теңгеге қымбаттап, автобус 40 теңге, маршрут такси - 45 теңге болды, деп хабарлады "ИФ-Қазақстанға" қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.
"Ақтөбеде қоғамдық көлікпен жүру 10 теңгеге қымбаттаған, енді автобуспен жүру 45 теңге, троллейбуспен жүру - 35 теңге, микроавтобус - 55 теңге" болды, деп хабарлады "ИФ-Қазақстан" агенттігіне қала әкімінің баспасөз хатшысы Лариса Томчук.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін