1-шілдеден бастап Қазақстанның бірқатар аумақтарында қоғамдық көлікпен жол жүру қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1-шілдеден бастап Қазақстанның бірқатар аумақтарында қоғамдық көлікпен жол жүру қымбаттады

1-шілдеден бастап Қазақстанның бірқатар аумақтарында қоғамдық көлікпен жол жүру қымбаттады

Қостанайда жұмада қалалық автобустармен жол жүру қымбаттады.

  • 1 Шiлде 2011
  • 567
Фото - Caravan.kz

1-шілдеден бастап оның бағасы бұрынғы 45 теңгенің орнына 50 теңге болды, деп хабарлады «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне қала әкімшілігінің тұрғын үй -коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Валерий Рымарев.

Сонымен қатар 7-15 жастағы балалар үшін автобуспен жүру бағасы 25 теңге, зейнеткерлер үшін — 40 теңге. Жеті жасқа дейінгі балалар үшін, мүгедектердің кейбір санаттары үшін, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін жеңілдіктер сақталған.
В.Рымаревтің айтуынша, тарифтерді арттыруға негіз болған жанар-жағар майдың қымбаттауы, коммуналды қызмет ақысының артуы және автопаркті ұстауға жұмсалатын шығынның артуы.
Павлодарда жұмада автобус және маршрут таксимен жүру 5 теңгеге қымбаттап, автобус 40 теңге, маршрут такси — 45 теңге болды, деп хабарлады «ИФ-Қазақстанға» қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.
«Ақтөбеде қоғамдық көлікпен жүру 10 теңгеге қымбаттаған, енді автобуспен жүру 45 теңге, троллейбуспен жүру — 35 теңге, микроавтобус — 55 теңге» болды, деп хабарлады «ИФ-Қазақстан» агенттігіне қала әкімінің баспасөз хатшысы Лариса Томчук.

Соңғы жаңалықтар