1-шілдеден бастап оның бағасы бұрынғы 45 теңгенің орнына 50 теңге болды, деп хабарлады «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне қала әкімшілігінің тұрғын үй -коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Валерий Рымарев.
Сонымен қатар 7-15 жастағы балалар үшін автобуспен жүру бағасы 25 теңге, зейнеткерлер үшін — 40 теңге. Жеті жасқа дейінгі балалар үшін, мүгедектердің кейбір санаттары үшін, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін жеңілдіктер сақталған.
В.Рымаревтің айтуынша, тарифтерді арттыруға негіз болған жанар-жағар майдың қымбаттауы, коммуналды қызмет ақысының артуы және автопаркті ұстауға жұмсалатын шығынның артуы.
Павлодарда жұмада автобус және маршрут таксимен жүру 5 теңгеге қымбаттап, автобус 40 теңге, маршрут такси — 45 теңге болды, деп хабарлады «ИФ-Қазақстанға» қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.
«Ақтөбеде қоғамдық көлікпен жүру 10 теңгеге қымбаттаған, енді автобуспен жүру 45 теңге, троллейбуспен жүру — 35 теңге, микроавтобус — 55 теңге» болды, деп хабарлады «ИФ-Қазақстан» агенттігіне қала әкімінің баспасөз хатшысы Лариса Томчук.