Байқау Шығыс Қазақстан облысының ән өнерін дамыту, қазақ ұлтының, жас ұрпақтарының орындау шеберліктерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
І тур — сағат 10.00-де Металлургтер Мәдениет сарайында (ММС)
ІІ тур (концерт) — сағат 18.00-де Металлургтер Мәдениет сарайында (ММС)
Облыстық іріктеу топтан өткен жас орындаушылар 2013 жылдың мамыр айында Астана қаласында өтетін республикалық «Жас Қанат» байқауына қатысуға жолдама алады.
Байқаудың шарттары:
· Байқауға жеке орындаушы және вокалды ән ансамбльдері қатысады;
· Байқауда екі ән орындалады. Репертуарға шектеу қойылмайды, бірақ, әннің өңделуі міндетті түрде заман талабына сай болады.
· Жас ерекшелігі 30 жасқа дейін;
Кіру тегін.