2 жыл бұрын бала-шағасы тірідей өртеніп кеткен ана әділдік таппай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2 жыл бұрын бала-шағасы тірідей өртеніп кеткен ана әділдік таппай жүр

2 жыл бұрын бала-шағасы тірідей өртеніп кеткен ана әділдік таппай жүр

Алматыда 2 жыл бұрын бала-шағасы тірідей өртеніп кеткен ана әділдік таппай жүр. Газ құбырының жарылысына себеп болған «Алматы газ» мекемесіне қатысты үкім әлі шықпаған. Жәбірленушілер оның қайта-қайта кейінге шегеріліп жатқанына наразы.

  • 8 Қыркүйек 2015
  • 256
Фото - Caravan.kz

Бұл қайғылы оқиғадан 23 жастағы келіншек пен қос бүлдіршін көз жұмған еді. Жойқын жарылыс пайдалануға берілмеген құбырға аяқасты жіберілген газдың кесірінен болған. Тіпті, мұны сараптама нәтижелері де дәлелдеп беріпті. Бірақ осынша уақыт өтсе де ісіне салғырт қараған компания басшылары жауапқа тартылмай келеді. Жәбірленуші тарап бүгін әділетті сот үкімі шығады деген үмітпен келген еді. Бірақ осымен үшінші рет істі қарау тағы да кейінге шегерілді. Ал марқұм болғандардың жақындары сотқа мүлдем сенуден қалдық деп отыр.

Жанар Шағаева, марқұм Жанар Кенебаеваның енесі:

— Осымен үшінші рет, вообще приговорды бірінші сентябрьге жоспарлаған. Ол күні болған жоқ, үшінде деді. Үшіндегісі болмай, бүгін келіп тұрсақ қайтадан маған келгеннен кейін айтып тұр. Бүгін болмайтын болды дейді. Себебін сұрап секретарьды шақырып алдым. Сөйтсем судья үлгермей жатыр дейді. Заңсыз шешім шығарды бұлар. Сосын қорқып тұр.

Соңғы жаңалықтар