2 жылдан бері жалақы алмаған “Трансстроймост” компаниясының жұмысшылары шу көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2 жылдан бері жалақы алмаған “Трансстроймост” компаниясының жұмысшылары шу көтерді

2 жылдан бері жалақы алмаған “Трансстроймост” компаниясының жұмысшылары шу көтерді

Алматы облысында мыңнан астам адам банкрот болған компаниядан жалақыларын ала алар емес. “Трансстроймост” АҚ-ның қызметкерлері алдындағы қарызы миллиондап саналады. Ол аздай компания қызметкерлерінің зейнетақы қорларына да көк тиын аударылмаған. Жалақысыз екі жылдан бері қаңғырып жүрген жұрт мекемені банкрот қылған директор қызмет орнының мүліктерін сатып, бар ақшаны құмар ойынға салып жіберді дейді.

  • 14 Қараша 2012
  • 541
Фото - Caravan.kz

Пәтір нанға пұл таппай тарыққан ағайынның бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Жалақыға жетістірмей жәудіретіп қойғаны аздай, 80 жылдық тарихы бар “Трансстроймост” компаниясы тақырға отырардан екі жылға жуық уақыт бұрын қызметкерлерінің зейнетақы шотына ақша аударуды тиған. Еліміздегі ең ірі көпірлерді тұрғызған аты дардай, заты нардай компанияда ауыр жұмыс істеген жұрттың жартысы маңдай тер ақым қолыма тиеді деген үміттерін үзген. Эльмира Маширова болса, денсаулығы дімкәс баласының еңбекақысын әлі даулауда. Киерге киім, ішерге ас қылатын ақшадан әбден қысылған.

Эльмира Маширова:

Балам осы бес жыл істеді жабылып қалғанша. Бара-бара шаршады. Ұстама ауруымен 3 жыл болды ауырып жүргеніне.  Алдында ауырып қалғанда Алматыға да бара алмады, ақшасы жоқ. 

Трансстроймост” 2010 жылы банкрот болған еді. Мыңға жуық қызметкер жалақысыз жер сипап қалған. Сол кезде басталған даудың тоқтар тұсы көрінбейді. Ал миллиондаған қаржыны қымқырғандарға құрық салған бірі жоқ.

Бақыт Нұрбаева, “Трансстроймост” АҚ бұрынғы қызметкері:

Түк жоқ бермейді, таныс арқылы беріп жатыр дейді, таныстарына береді сосын олар беру керек дейді. Бізбен сөйлеспейді. Қайымсұлтанов болды содан басталды. Жалақымызды әне береді, міне береді деп. Біз іс-сапарда жүргенде 15-20 мыңнан беріп қоятын болды. Сөйткенде жұмыстан шығарып жіберді.

Ғабиден Қайымсұлтанов дәл осы қарашаға қарыз компанияның тоқыраудан бұрынғы төрағасы еді. Банкрот қылғанда, қаржыны қырғанда сол дейді ашуға булыққан ел. Қызметкерлердің сөзінше, директор мекеме мүлкін сатып, құмар ойынға салып жіберген. Бүгін банкрот болған компаниядан қалған ғимаратқа қайта келген жұрт тағы да көк тиынсыз қайтты. Күзетшілер табалдырықтан әрі аттатпады, тал түсте іште ешкім жоқ деп қайтарды меселін елдің.


Аумағы ат шаптырым ғимараты бар Трансстроймосттың меңзегені не, қарашаға қарызын қайтара ма деп қазбаладық. Алайда бастық жоқ, қара кешке дейін жиналыста деген сылтаумен сөз бітті. Сен саларда мен салар атқа шөпті кім салардың кері қазір, жауап беруден жалтарады бәрі.

Кеңес кезінде күркіреп, тәуелсіздік қолға тигендеде тасы өрге домалаған “Трансстроймост” қазір қарапайым қызметкерлерін жалақымен жарылқай алар емес. Пәтір нанға пұл таппай тиыннан тарыққан ел компания табалдырығын тоздырудан да шаршаған. Жазылған арыздарда нәтижесіз. Күнде ертең деген ертегі де мезі еткен мұқым елді.

Соңғы жаңалықтар