20 байкер, 20 күнге, еліміздің 20 қаласына байк-фест шеруіне аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
20 байкер, 20 күнге, еліміздің 20 қаласына байк-фест шеруіне аттанды

20 байкер, 20 күнге, еліміздің 20 қаласына байк-фест шеруіне аттанды

Жолың болсын, жас түлек! Елімізде мектеп бітірушілердің “Жас түлек” фестивалі өтті. Биыл Қазақстанда 165 мыңға жуық бала білім ошағын тәмамдаған. Олардың  үш  мыңнан астамы  ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары ұпай жинап, «Алтын белгіге» лайық екендіктерін дәлелдеді.  Фестиваль кезінде  үздік бітірушілерге ерекше құрмет көрсетілді.

  • 22 Маусым 2011
  • 377
Фото - Caravan.kz

Жас түлектер үшін көптен күткен күн де келді. Бүгінгі салтанатқа жиналған бойжеткендер мен бозбалалардың көңіл-күйлері де, киген киімдері де ерекше. Дегенмен олардың әрқайсысынан алтын ұя — мектептеріне деген қимастық сезімдерін де байқау қиын емес. Алматылық  мектеп бітірушілердің ата-аналарын қала әкімі Ахметжан Есімов те құттықтады. 

Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

— Құрметті ата- аналар! Бәріміздің мәпелеп өсірген балғындарымыз бүгін үлкен өмірге қадам басып отыр. Енді олар қоғамдық өмірге белсене араласып, өз бақыттарын өздері жасау жауапкершілігіне ие болды. Сол ұлы сапарға жастарға ақ жол тілейік!

Биылғы түлектер үшін  20 санының орыны ерекше болып тұр. Ел Тәуелсіздігіне 20 жыл, яғни биылғы мектеп бітірушілер егемен елдің 20-сыншы түлектері. Осыны көрсету үшін ерекше шара ұйымдастырылды. Яғни,  20 байкер, 20 күнге еліміздің 20 қаласына байк-фест шеруіне аттанды. Бұдан басқа 148 жас түлекке «Алтын белгі» мен 15 түлекке Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарына білім гранттарының арнайы сертификаты берілді.


Айдана Құсманова, мектеп бітіруші
:

 — Көңіл-күйім  керемет! Бұндай шараға қатысқанымызға   өте ризамыз!

Жалпы, биыл Алматыда 8042 түлек   мектептерімен қоштасты. Түлектерді қазақ эстрадасының жұлдыздары да құттықтады. Фестиваль соңы,әдеттегідей,мектеп бітірушілер кешіне ұласты.

Соңғы жаңалықтар