"20 күнде жиналды": Әйелін емдетемін деп, халықтан 26 миллион жинаған еркек тоқал алып, су жаңа көлік мінген - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"20 күнде жиналды": Әйелін емдетемін деп, халықтан 26 миллион жинаған еркек тоқал алып, су жаңа көлік мінген

"20 күнде жиналды": Әйелін емдетемін деп, халықтан 26 миллион жинаған еркек тоқал алып, су жаңа көлік мінген

Халықтан әйелім науқас деп қыруар қаржы жинап, тоқал алған ер азамат халықтың ашуына тиді. Тоқал алғызбасаң, аналық құқықтан айыратынын айтып күйеуі бәйбішесін қорқытқан. 

  • 16 Мамыр 2022
  • 22426
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

— Әйелім жылына екі рет ауыратын, қазір бала түсіргелі 3-4 рет ауыратын болды. Балаларыма бас-көз болсын деп, тоқал алдым. Баланы алдыртуыма дәрігерлер кінәлі. Себебі, бала науқас туылады деген соң, қол қойып, келісім беруге мәжбүр болдым. Әйелімнің науқастығы да бар болған себепті, жұмысты да дұрыс жасай алмайтынмын, деді Нұрлан есімді азамат. 

Әйелінің науқастығына байланысты емдету үшін, халықтан көмек сұраған. Нұрланның айтуынша, 500-600 мың жиналар деп ойлаған. Сөйтіп, ойламаған жерден 26 миллион жиналған. Нұрлан ол ақшаға үй, көлік алған. Содан соң, әйелін қорқытып, тоқал алған. 

— Үш күн сенің бәйбішенін қасында, үш күн тоқалдың қасында болып, ақыларын беремін. Ортада бір күн демалатын шығармын, дейді ол. 

Бұл сөзді алданып тоқал болған келіншек те растап отыр.Төсекте ақысын жемеген еркек, бірақ халық алып берген үйді тоқалдың атына жазған. 


Ұйымдасқан қылмыстық топ деп 190-шы баппен қылмыстық іс қозғалады. Жағдай ушығып кетсе, 5 жылдан 10 жылға дейін сотталып кетесіз дейді заңгер Ғабит Өмірбек. 

Айтуы бойынша, халық та сотқа бере алатыны мәлім болды. Себебеі, ақшаны жинаған халық. Ал, Нұрлан бұл әстің бәріне тоқал алып, бей-жай қарап отырған сыңайлы.