20 маусымнан кейін Грузияға көлік үшін баруды жоспарламаңыздар - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
20 маусымнан кейін Грузияға көлік үшін баруды жоспарламаңыздар

20 маусымнан кейін Грузияға көлік үшін баруды жоспарламаңыздар

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі республика азаматтарына 1-ші шілдеге дейін әкеліп үлгеру үшін Грузияға көлік сатып алуға бармауды ұсынады, деп ҚР СІМ ресми өкілі Асқар Әбдрахманов мәлім етті.

  • 20 Маусым 2011
  • 631
Фото - Caravan.kz

«ҚР СІМ 20-шы маусымнан кейін Грузияға көлік сатып алуға бола бармауды ұсынады. Егер олардың мақсаты көлік сатып алып, оны 1-ші шілдеге дейін елге жеткізу болса, онда оны кедендік рәсімдеуде өте үлкен қиындықтар туындайды. Аталған мерзімге үлгеру ықтималдығы тым төмен», — деді А. Әбдрахманов дүйсенбі күнгі брифингте.

Оның айтуынша, бүгінге бірнеше жүз автомобиль Әзербайжан территориясында жиналып, тасымалдау кезегін күтіп тұр. Ол Каспий теңізімен тасымалдау қиындығымен және «Ақтау теңіз портының тым жүктеліп отырғандығымен» байланысты.

Сонымен бірге осындай жағдай Иран мен Түркменстан, Қытай және Әзербайжан шекарасында да қалыптасты.

«Біздің азаматтардың 1-ші шілдеге дейін, яғни кедендік ережелер күшіне енгенше, Қазақстанға әкелмекші болған жүздеген автокөліктері көрші мемлекеттерде қалып отыр. Әсіресе БАӘ мен Ирандағы көлік компанияларының банкрот болғаны біздің азаматтардың көліктерін жеткізе алмауына себеп болуда», — деді ол.

Бірақ, дейді ол, Қазақстанның Дубайдағы Иран мен Түркменстандағы консулдығының араласуының арқасында 300-дей автокөліктерден қамау алынып, олар Қазақстанға бет алыпты. Олардың бір бөлігі тоналып, зақымданған.

«Қазір біздің консулдығымыз біздің азаматтардың қалған көліктерін Қазақстанға Түркменстан территориясы арқылы жеткізу мәселесін талқылап жатыр», — деді А. Әбдрахманов.

Сонымен қатар, дейді ол, туындап отырған жағдай Қазақстан азаматтары мен Иран және Түркменстанның жеке көлік компанияларының арасындағы туындап отырған жағдай. Сондықтан шиеленістік жағдай туындаған жағдайда «ол коммерциялық заңнамамен реттеліп, қазір көлік қай мемелекетте болса, сол мемлекеттің мамандандырылған соттарында қаралуы тиіс», деді ол.

Сондай-ақ ҚХР-дағы ҚР консулдығы біздің азаматтардың мүддесін қорғап, шиеленісті реттемек болуда, деді ҚР СІМ ресми өкілі.

Соңғы жаңалықтар