20 қарашаға дейін Қазақстанның салық органдары 1,5 млрд.теңгеден астам сомаға мүлік заңдастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
20 қарашаға дейін Қазақстанның салық органдары 1,5 млрд.теңгеден астам сомаға мүлік заңдастырды

20 қарашаға дейін Қазақстанның салық органдары 1,5 млрд.теңгеден астам сомаға мүлік заңдастырды

АСТАНА. 23 қараша . Kazakhstan Today. 2006 жылдың 20 қарашадағы жағдай бойынша республикадағы салық органдары 1 млрд. 585,1 млн.теңгеге қазақстандық азаматтардың мүліктерін заңдастырған. Бұл жөнінде қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 23 Қараша 2006
  • 508
Фото - Caravan.kz

«20 қарашаға дейін салық органдарына мүлікті заңдастыруға қатысты 1818 ,3 млн. теңгеге 13 923 тапсырыс келіп түсті. Жалпы 1585,1 млн. теңгеге 13 290 тапсырыс бойынша мүлік заңдастырылды»,- деді Н.Рахметов қаржы министрлігінің кеңейтілген отырысында.

Салық комитетінің басшысы 796,5 млн. теңге заңдастырылған қаражаттың үлесі екенін айтты. Заңдастырылған ауыл шаруашылығы техникасының сомасы 462,8 млн. теңгені құрайды, оның ішінде 347,4 млн.теңгесі мүлікті заңдастыруға төленетін төлем.

Салық органдарына түсіп жатқан тапсырыстың басым бөлігі ауыл шаруашылығы техникаларын заңдастыруға қатысты. Н.Рахметовтың айтуынша, 20-қарашадағы жағдай бойынша мүлікті заңдастыруға Шығыс Қазақстан облысының салық органдарына (3254), Ақмола (2190),Солтүстік Қазақстан (2016) және Қостанай облысының салық органдарына (1475) арыз түскен. Ең аз арыз Астанада (42), Алматыда (47) және Маңғыстау облысында (42) берілген.

«Жүргізілген сараптама қортындысына сүйенсек, аталған аймақтарда мүлікті заңдастыру туралы түсініктеме жұмыстары баяу жүргізіледі, ақпарат жетіспейді.Немесе жүргізіліп жатқан шаралар нәтижесіз»,-дейді салық комитетінің басшысы.

Ал, қаражатты заңдастыру арыздарын қараған кезде аталған аймақтардың ішінде Алматы бойынша(271,2 млн.теңге), Астанада (260 млн. теңге) және Қарағанды облысында (191,5 млн. теңге) ең көп заңдастырылған.

Н.Рахметовтың мәліметі бойынша, науқын басталған кезден бері бюджетке 374,9 млн. теңге көлемінде түскен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта