20 жастағы қазақстандық бойжеткен Қытайда жыл студенті атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
20 жастағы қазақстандық бойжеткен Қытайда жыл студенті атанды

20 жастағы қазақстандық бойжеткен Қытайда жыл студенті атанды

Қытай елінің Шанхай педагогикалық университетінде білімін жетілдірген павлодарлық түлек Фарида Төлеубаева жыл студенті атанды. Ол қатарластарынан топ жарып шыққаны үшін шетелдік студенттер факультетінің деканы Хуанг МэйСюдің атынан екі бірдей дипломға ие болған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

  • 1 Шiлде 2016
  • 401
Фото - Caravan.kz

«Қытай елінде экологиялық мәселе күн сайын артып келеді. Сондықтан мұнда бетперде киіп жүру үйреншікті әдетке айналған. Қыр асып, білім  жолына түскен мен сияқты қазақстандық жастар үшін туған елдің көк аспанын тамашалап, таза ауасымен демалудан асқан бақыт жоқ шығар, сірә. Сондай-ақ,  өзіміздің ұлттық тағамдарға тең келетін ас жоқ екеніне көзім жетті. Тіпті, бір жылдың ішінде нағыз еттің дәмін ұмытып қалған тәріздімін. Күнделікті асқа тауық еті және күрішті пайдаланамыз. Үйге оралуға үш күн қалды.  Минуттарды санап отырмын десем болады. Анамның ыстық бауырсағын қатты сағындым, — дейді "Жас дарын" мамандандырылған мектебінің түлегі, "Алтын белгі" иегері.

Бүгінде 20 жастағы студент қытай тіліндегі кітаптар мен журналдарды еркін оқи алатын деңгейге жеткен. Корея, Жапония, Колумбия, Канада, Моңғолия, Ресей, Германия, Словакия және Италия елдерінен келген жастармен достасып кеткен Фарида соңғы кездері корей тілін үйренуге ден қойған.

«Енді  әлемнің түкпір-түкпірінде араласатын  достарым бар.  Елбасының үш тұғырлы тіл саясатына  мен де өз үлесімді қосуға тырысамын. Бар арманым — болашақта еліміздің қарыштап дамуына атсалысу. Менің шетелде білім алуыма қолдау көрсеткен  анам мен әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті қытай тілі кафедрасының ұстаздарына алғысым зор», — дейді Фарида.