Қазір үкіметте ҚР президентінің көмекшісі Кәрім Мәсімовтың бастауымен құрылған арнайы жұмыс тобы жұмыс істеуде, бұл топ жобаның техника-экономикалық негіздемесін жасау жұмыстарын үйлестіреді.
М.Гиззатовтың атап көрсеткеніндей, көгілдір отын өңдеу зауытын салу туралы мәселе Қазақстан мен шетелдік компаниялар альянсы арасында қол қойылған Өзара өнім бөлісу жөніндегі негізгі келісімде қарастырылған. Зауыт құрылысы Қарашығанақ жобасын жүзеге асырудың үшінші кезеңі аясында салынады деп күтілуде.
М.Гиззатовтың айтуынша, жобаны жүзеге асыруда «қаржыландыру көлемінің 30-50 процентін мердігер өз мойнына ала алады».
Ал Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімовтың пікірінше, «20-желтоқсанда бұл мәселе түбегейлі шешілмейді». Ақырғы шешім қабылдау үшін әлі де біраз нәрсені дәйектеу керек, соның ішінде жобаның өтелімділігі, немесе өзін-өзі ақтауы туралы мәселе де кеңінен талқылауды қажет етеді.
Алдын-ала мәлімет бойынша, Газ жобасын жүзеге асыруға 1 млрд. 300 млн. теңге қажет.