Жарияланды: 440

20- желтоқсанда ҚР үкіметінде Газ жобасын жүзеге асырудың орындылығы туралы мәселе талқыланады

20-желтоқсанда ҚР үкіметінің отырысында Газ жобасын жүзеге асырудың орындылығы туралы мәселе талқыланады деп межеленген. АҚШ- тың "Келлог Браун энд Рут" компаниясы мен "Нефтеконсалтинг" ЖАҚ бірлесіп дайындаған Газ жобасының техника-экономикалық негіздемесі үкімет үшін аталмыш мәселе бойынша ақырғы шешім қабылдауға қажетті басты арқау болмақ. Газ жобасының қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалауға арналып 8-желтоқсанда Оралда өткен қоғамдық

тыңдауда "Нефтеконсалтинг" ЖАҚ-ның атқарушы директоры Марат Ғиззатов осындай мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Қазір үкіметте ҚР президентінің көмекшісі Кәрім Мәсімовтың бастауымен құрылған арнайы жұмыс тобы жұмыс істеуде, бұл топ жобаның техника-экономикалық негіздемесін жасау жұмыстарын үйлестіреді. М.Гиззатовтың атап көрсеткеніндей, көгілдір отын өңдеу зауытын салу туралы мәселе Қазақстан мен шетелдік компаниялар альянсы арасында қол қойылған Өзара өнім бөлісу жөніндегі негізгі келісімде қарастырылған. Зауыт құрылысы Қарашығанақ жобасын жүзеге асырудың үшінші кезеңі аясында салынады деп күтілуде. М.Гиззатовтың айтуынша, жобаны жүзеге асыруда "қаржыландыру көлемінің 30-50 процентін мердігер өз мойнына ала алады". Ал Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімовтың пікірінше, "20-желтоқсанда бұл мәселе түбегейлі шешілмейді". Ақырғы шешім қабылдау үшін әлі де біраз нәрсені дәйектеу керек, соның ішінде жобаның өтелімділігі, немесе өзін-өзі ақтауы туралы мәселе де кеңінен талқылауды қажет етеді. Алдын-ала мәлімет бойынша, Газ жобасын жүзеге асыруға 1 млрд. 300 млн. теңге қажет.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін