Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
ВВС агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, өткізу бекеті ашылған екі сағаттың ішінде 200 мың адам өткен.
Белгілі болғандай, тұрғындарға Газаның солтүстік секторына жаяу өтуге рұқсат берілген.
Израиль палестиналықтарға ХАМАС тұтқынға алынған Арбель Йехудты босатқанға дейін Газа секторының солтүстігіне оралуға рұқсат бермеген. Кейінірек Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі бейсенбіде үш, сенбіде үш тұтқынды босату туралы келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді. Олардың арасында Йехуд та бар.
ХАМАС адамдардың оралуын «палестиналықтардың жеңісі» деп атады.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 2023 жылғы 7 қазандағы шабуыл кезінде қолға түскен 251 тұтқынның ішінен Газада 87 адам қалған.