2001-2003-жылдарда Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлердің құқығын бұзуға қатысты 17 мың оқиға тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2001-2003-жылдарда Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлердің құқығын бұзуға қатысты 17 мың оқиға тіркелді

2001-2003-жылдарда Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлердің құқығын бұзуға қатысты 17 мың оқиға тіркелді

2001-2003-жылдарда Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлердің құқығын бұзуға қатысты 17 мың оқиға тіркелді. Бұл туралы мәліметті бүгін, 23-шілдеде Алматыда өткен "Үш жақты әлеуметтік әріптестік арқылы нарықтық еңбек қатынастарын дамыту" атты семинарда жобаның жетекшісі Леонид Соломин ортаға салды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Шiлде 2003
  • 502
Фото - Caravan.kz

Л.Соломиннің айтуынша, бүгінгі жағдаймен Қазақстанда 7 млн. 245 мың азамат еңбек етеді. Жұмыс істейтін 5 млн. адамға әлеуметтік жеке код берілген. Демек, 2 млн. 245 мың адам көлеңкелі еңбек қатынасы аясында деген сөз. Бұл адамдардың құқығы толыққанды бұзылып отыр,- деді Л.Соломин.

Оның айтуынша, құқық бұзушылық оқиғасы жетіп артылады, алайда адамдардың басым бөлігі бұл туралы жақ ашпай, көпе-көрнеу қанаушылық пиғылдағы келісімге қол қоя береді.

Соңғы жаңалықтар