2002-2003-жылдарда еліміздегі тұтқындар саны 32 процентке азайды - ҚР әділет министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2002-2003-жылдарда еліміздегі тұтқындар саны 32 процентке азайды - ҚР әділет министрі

2002-2003-жылдарда еліміздегі тұтқындар саны 32 процентке азайды - ҚР әділет министрі

Соңғы екі жылда еліміздегі тұтқындар саны 32 процентке азайды. Бұл туралы бүгін, 30-қаңтарда ҚР әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде әділет министрі Оңалсын Жұмабеков хабарлады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 30 Қаңтар 2004
  • 487
Фото - Caravan.kz

Министрдің мәліметіне сүйенсек, республиканың қылмыстық-атқару жүйесі әділет министрлігінің құзырына өткен кезең аясында еліміздің «түрмедегі тұрғындарының саны» 79 мыңнан 49 мыңға дейін кеміді. Тек 2003-жылы адамдардың бас бостандығын шектеу мекемелерінен 39 мың адам босатылды, олардың 31 мыңы шартты түрде мерзіміне бұрын бостандыққа шықты. «Бұл мемлекетіміздің қылмыстық саясатын ізгіліктендіру жұмыстарының нәтижесі»,- деді О.Жұмабеков.

Жыл басынан бері тергеу абақтыларын ҚР ІІМ-нің құзырынан әділет министрлігіне беру жүзеге асырылып жатқанын әділет министрі ескертіп өтті. «Бұл жұмысты аяқтау нәтижесінде елімізде біртұтас пенитенциарлық жүйе құрылып, жазаны жүзеге асыру барысында заңдылықты сақтауға кепілдік жүйесі күшейтіледі»,- деді министр.
Ол сондай-ақ, осымен біруақытта ҚР азаматтарына жеке куәліктер мен төлқұжаттар беру, жалпы құжаттандыру функциясын әділет жүйесіне беру процессі жүзеге асырылып жатқанын еске салды. О.Жұмабековтың айтуынша, тіркеу қызметінің ауқымды желісін иелігінде ұстайтын әділет министрлігіне бұл функцияларды беру азаматтарды есепке алу, тіркеу және жеке тұлғаларды идентификациялаудың біртұтас жүйесін құруға мүмкіндік береді.
«Жоғарыдағы жағдайлардың бәрін ескеру негізінде республиканың әділет мекемелері тарихында алғаш рет аймақтық құрылымдар жасақталып, олардың құқық аясы нақтыланды»,- деді министр. Осы орайда ол үкіметтің тиісті қаулысына сәйкес облыстық әділет басқармалары министрліктің департаменті түрінде қайтадан құрылып, аудандарда өз кезегінде әділет басқармалары жасақталуда.

Соңғы жаңалықтар