Оның айтуынша, қоршаған ортаға зиянды әсердің жалғаса түскеніне қарамастан жергілікті билік табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға асығар емес.
Сондай-ақ, экологиялық тауқыметтердің ұзақ уақыт бойы шешімін таппау себебін А.Самақова жергілікті атқарушы органдардың бытыраңқылығынан көреді. Министрдің пікірінше, экологиялық ахуалды жақсарту үшін барлық мүдделі мекемелердің етене ықпалдастығын қалыптастыру, қоршаған ортаға мониторинг жүргізудің біртұтас жүйесін құру, қазіргі экологиялық нормалардың мәртебесін заңдық деңгейге дейін көтеру қажет.