2003 жылдың 12 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2002-жылғыдан 1,4 процентке артып, 606,7 млрд. теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003 жылдың 12 айында  ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2002-жылғыдан 1,4 процентке артып, 606,7 млрд. теңгені құрады

2003 жылдың 12 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2002-жылғыдан 1,4 процентке артып, 606,7 млрд. теңгені құрады

2003-жылдың қаңтар-желтоқсанында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалармен 2794,4 млрд. теңге болды, бұл 2002-жылғы 12 айлық көрсеткіштен 8,8% артық. Өндірістің көлемі 2002 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде - 8,8%, өңдеу өнеркәсібінде - 8,9%, электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде 7,1% өсті. Бұл туралы ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен KZ-today ақпараттық агенттігіне жолдаған 2003-жылдың 12 айындағы ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары туралы ақпаратта айтылған.

  • 13 Қаңтар 2004
  • 457
Фото - Caravan.kz

2003-жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағалармен 606,7 млрд. теңге болып, 2002-жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 1,4% артты.

2003-жылдың 12 айында жүк тасымалдаудың жалпы көлемі (көлік емес ұйымдар және коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын кәсіпкерлер тасымалдаған жүк көлемінің бағасын есепке алғанда) 1681,1 млн. тоннаны құрап, 2002-жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,8 %-ке артты.
Есепті кезеңде бөлшек тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымын есептемегенде) 928,4 млрд. теңге болып, 2002-жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 10%-ке артты.
2003-жылдың қаңтар-желтоқсанында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 1259,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2002-жылғыдан 10,6% көп.
2004-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен республикада 190045 шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлға) тіркелді, олардың 142628 жұмыс істеп тұр, соның ішінде жұмыс істеп тұрған шағын заңды тұлғалар саны — 130961 болды. Олардың арасында шағын кәсіпорындар — 106454-ті, соның ішінде шағын бизнес субъектілері — 93494-ті құрайды.

Соңғы жаңалықтар