Басқарма бастығының айтуынша, аталған қылмыстық істердің 45 -і тұрғын үйлердің ішінде, 10-ы көшеде орын алса, 11-і қоғамдық орындарда болған . Оның айтуынша, учаскелік инспекторлар өз аудандарындағы жағдайдан хабарсыз, тұрғындардың шағымын көп ретте назардан тыс қалдырады. Мәселен Затон ауданында бұзақылық, қоғамдық тәртіпті бұзу 13,6 процентке көбейген. Қоғамдық қауіпсіздіктің алдын алуда талап үдесінен шыға алмағандар қатарында Пригородный полиция бөлімі қызметкерлері бар. Өткен жылы қалада өзгенің мүлкіне қол сұғуға қатысты 1010 оқиға тіркелді. Полиция қызметкерлерін алаңдатып отырған қылмыс түрінің бірі автокөлік құралдарын айдап кету. Былтыр осы топтағы қылмыс 43,8 процентке өсіп, 46 көлік қолды болды.