2003 жылдың 12 айында Семей қаласы бойынша тіркелген қылмыстық істер саны 7,7 процентке төмен болғанымен қасақана адам өлтіру 50 процентке өскен - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003 жылдың 12 айында Семей қаласы бойынша тіркелген қылмыстық істер саны 7,7 процентке төмен болғанымен қасақана адам өлтіру 50 процентке өскен

2003 жылдың 12 айында Семей қаласы бойынша тіркелген қылмыстық істер саны 7,7 процентке төмен болғанымен қасақана адам өлтіру 50 процентке өскен

2003 жылдың 12 айында Семей қаласы бойынша 2155 қылмыстық іс тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,7 процентке төмен. Ең ауыр қылмыс түрі қасақана адам өлтіру 50,0 процентке өсіп, 66 оқиғаны құрады. Бүгін, 29-қаңтарда басқарма жұмысын қорытындылаған жиында Семей қалалық ІІБ бастығы Жетпісбай Ыбраев осындай мәлімет келтірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Қаңтар 2004
  • 501
Фото - Caravan.kz

Басқарма бастығының айтуынша, аталған қылмыстық істердің 45 -і тұрғын үйлердің ішінде, 10-ы көшеде орын алса, 11-і қоғамдық орындарда болған . Оның айтуынша, учаскелік инспекторлар өз аудандарындағы жағдайдан хабарсыз, тұрғындардың шағымын көп ретте назардан тыс қалдырады. Мәселен Затон ауданында бұзақылық, қоғамдық тәртіпті бұзу 13,6 процентке көбейген. Қоғамдық қауіпсіздіктің алдын алуда талап үдесінен шыға алмағандар қатарында Пригородный полиция бөлімі қызметкерлері бар. Өткен жылы қалада өзгенің мүлкіне қол сұғуға қатысты 1010 оқиға тіркелді. Полиция қызметкерлерін алаңдатып отырған қылмыс түрінің бірі автокөлік құралдарын айдап кету. Былтыр осы топтағы қылмыс 43,8 процентке өсіп, 46 көлік қолды болды.

Соңғы жаңалықтар