2003 жылдың ақпанында елімізде тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету бағасы 1,5 процентке өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003 жылдың ақпанында елімізде тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету бағасы 1,5 процентке өсті

2003 жылдың ақпанында елімізде тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету бағасы 1,5 процентке өсті

2003 жылдың ақпанында елімізде тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету бағасы 1,5 процентке өсті. Соның ішінде рсепублика бойынша, азық-түлік өнімдері 0,7 процентке, азық-түлік емес тауарлар 0,1 процентке, ақылы қызметтер 0,3 процентке қымбаттады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 25 Наурыз 2004
  • 614
Фото - Caravan.kz

2004 жылдың ақпанында тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағасы өткен аймен салыстырғанда, баға өткен айдың деңгейінде қалған Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, республиканың барлық өңірлерінде өсті. Бағаның ең көп өсуі Атырау облысында (1,2%), ең аз өсуі Батыс Қазақстан облысында (0,1%) тіркелді.

2004 жылдың ақпанында азық-түлік тауарлары бағасының өсуі өткен аймен салыстырғанда Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарынан (баға 0,1%-ға төмендеді) басқа республиканың барлық өңірлерінде байқалды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы баға өткен айдағы деңгейде сақталды. Бағаның ең көп өсуі Атырау облысында (2,4%), ең аз өсуі — Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында (0,1%) тіркелді.
2004 жылдың ақпанында азық-түлік емес тауарларының бағасы өткен аймен салыстырғанда Қазақстанның 8 өңірінде өсті. Осы кезде 7 облыста баға төмендеді, ал Оңтүстік Қазақстан облысында өткен айғы деңгейде қалды. Бағаның ең көп өсуі Астана қаласында (0,7%), ең аз өсуі Батыс Қазақстан облысында — (0,1%) байқалды.
2004 жылдың ақпанында халыққа ақылы қызмет көрсету бағалары мен тарифтері де өткен аймен салыстырғанда республиканың 12 өңірінде өсті. Атырау және Қостанай облыстарында қызмет көрсету бағасы 0,1%-ке, Астана қаласында — 0,3%-ке төмендеді. Ақтөбе облысында қызмет көрсету бағасы өткен аймен салыстырғанда өзгеріссіз қалды. Бағаның ең көп өсуі Маңғыстау облысында (1,1%), ең аз өсуі -Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (0,1%-дан) байқалды.

Соңғы жаңалықтар