Агенттіктің баға және еңбек статистикасы департаментінің директоры Н.Кривконың хабарлауынша, жыл басынан бергі кезеңде құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер мен конструкциялар ішінде бағалардың аса көп — 5,4% өсуі портландцементте байқалған, ол 2002 жылдың осы мерзімінде 1,6% арзан болған. Асбестцементтік жаймалар 4,8% (2002 жылғы сол кезеңде — 0,7%), тауарлық бетон — 4,5% (1,6%), болат құбырлар -4% (1,3%), силикатты кірпіш — 3,7% (2,7%), ағаш — 2,7% (4,6%), линолеум — 1,8% (3,3%) қымбаттаған. Бағалар кейбір құрылыс материалдарына ғана: әйнекке — 3,3%, құрылыстық ерітінділерге — 1,2%, сырларға — 0,4%, қыштық тақталарға — 0,2% төмендеген.
Республикада құрылыс материалдарының жекелеген түрлерінің бағаларында аймақаралық айтарлықтай айырмашылықтар сақталуда. Мәселен, ағымдағы жылдың қыркүйегінде бағалардың аса жоғары және аса төмен мәндерінің алшақтығы цементке — 1,9 есе, линолеумге — 2,1 есе, қыштық тақталарға — 2,4 есе, құрылыстық құмға — 14,2 есе құраған. Мұның өзінде салыстыру эталоны ретінде алынған қыш кірпіштің бағасы керамзиттік ұсақ тас бағасынан — 64%, құрылыстық ерітінді бағасынан — 56%, тауарлы бетон бағасынан — 44%, портландцемент бағасынан 41% жоғары, бірақ металл конструкциялардан 5,8 есе және силикатты кірпіш бағасынан 15% төмен болған.