2003-2004-жылдарда ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемі импорттан 35 процентке артты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-2004-жылдарда ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемі импорттан 35 процентке артты

2003-2004-жылдарда ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемі импорттан 35 процентке артты

2003-2004-жылдарда ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемі импорттан 35 процентке артты. Бұл туралы бүгін, 31-қаңтарда еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға арналған республикалық кеңесте ҚР ауылшаруашылығы министрі Серік Үмбетов хабарлады.

  • 31 Қаңтар 2005
  • 528
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, «Қазақстан астығы жалпы алғанда 40 елге экспортталады, ал экспорттың жылдық орташа көлемі 4,4 млн. тоннаға дейін артты».

Астық рыногының даму барысы туралы түсініктеме берген С.Үмбетовтың айтуынша, өсімдік шаруашылығында егістік алқаптарының құрылымы оңтайландырылуда. Бұл көлем үш жылда 8 процентке артып, 18 млн. гектарға жетті. Ал астық дақылдарына арналған егістік алқаптарының мөлшері 70 проценттен 65 процентке дейін кеміді. Ал майлы дақылдарға арналған егістік алқаптарының мөлшері екі есе артып, рапс, сафлор және қарақұмық тәрізді жоғарғы рентабельді дақылдарды егетін алқаптар ауқымы тиісінше 3, 2 және 1,6 есе өсті. Ал мақта алқабы 21 процентке өсті.
С.Үмбетовтың айтуынша, еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніне арналған қаржылық ресурстар көлемі «мемлекеттік агроөнеркәсіптік бағдарламаға толыққанды сәйкеседі». Ал қаржыландыру көлемінің жыл сайынғы өсімі 8-10 млрд. теңгені құрайды. Министрдің айтуынша, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау қорының аясында қайтарымды ресурстар үлесі 45 процентке, бағаны қалыптастыруға тікелей әсер ететін субсидиялар 13 процентке тең.
Ауылшаруашылығы шикізатын өңдеуші салалардың өнім көлемінің индексі 2003-2004-жылдарда 20 процентке өсті. Осы мерзімде агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының негізгі капиталына осы мерзімде 78,5 млрд. теңгенің инвестициясы салынды.
С.Үмбетовтың айтуынша, «соңғы үш жылда бір ғана су шаруашылығы саласына республикалық бюджеттен 35 млрд. теңге жұмсалды». «Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2,5 мың шақырым су таратқыш құбырлар мен 45 су тазартқыш қондырғы жаңадан салынды және жаңаланды. 96 су таратқыш қондырғы қалпына келтіріліп, 518 елді мекендерде тұратын 1,5 млн. адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға жалпы алғанда 51,3 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен 19,9 млрд. теңге, жергілікті бюджеттерден 25 млрд. теңге, бюджеттен тысқары көздерден 6,4 млрд. теңге бөлінді.

Перейти к новостям спорта