2003-2005-жылдарда елімізде кедейлікті азайтуға 610 млн. доллар бөлу көзделіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-2005-жылдарда елімізде кедейлікті азайтуға 610 млн. доллар бөлу көзделіп отыр

2003-2005-жылдарда елімізде кедейлікті азайтуға 610 млн. доллар бөлу көзделіп отыр

2003-2005-жылдарда елімізде кедейлікті азайтуға республикалық және жергілікті бюджеттерден 610 млн. доллар бөлу көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін, 16-қазанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында жарияланды деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Қазан 2003
  • 452
Фото - Caravan.kz

Баспасөз мәслихаты 17-қазанда атап өтілетін кедейлікті түп-тамырымен жою жөніндегі Халықаралық күнге орай өткізілді.

Бұл қаржы кедейлік деңгейін азайту тауқыметін тікелей немесе жанама шешуге бағытталған , қазіргі қолданыстағы және салалық мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында, сондай-ақ, БҰҰ-ның даму бағдарламасы мен Азия даму банкі бірлесіп жобалаған 2003-2005-жылдарда Қазақстандағы кедейлікті азайтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес қарастырылып отыр.
Бағдарламаның басты мақсаты — экономикалық дамуға, еңбекпен қамту және тұрғындардың кіріс мөлшерін арттыруға жағдай жасау, кедейлердің денсаулық сақтау және білім беру қызметтеріне қол жеткізу жағдайын жақсарту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету ахуалын жақсарту, шешімдер қабылдау барысына қоғамдық институттарды жұмылдыру арқылы мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру жолымен кедейлікті ауыздықтау болып табылады.
БҰҰ Даму бағдарламасының мәліметтеріне сәйкес, қазір еліміз тұрғындарының төрттен бір бөлігінің кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейді. 2 млн. адам таза тұщы су тапшылығын тартып отыр. Қоршаған ортаның ластануынан зардап шегетіндер де көп.

Соңғы жаңалықтар