2003-жылдың 12 айында Қазақстанның барлық өңірлерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі байқалады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың 12 айында Қазақстанның  барлық өңірлерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі байқалады

2003-жылдың 12 айында Қазақстанның барлық өңірлерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі байқалады

2003 жылдың қаңтар-желтоқсанында өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі 2002 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанның барлық өңірлерінде байқалды. Аса көп өсуіне - Қызылорда облысында (18,7%) қол жеткізілді, ең аз өсуі - Атырау облысында (0,3%) орын алды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 28 Қаңтар 2004
  • 479
Фото - Caravan.kz

Агенттік хабарламасына сәйкес, өнеркәсіп өндірісінің орташа республикалық деңгейі еліміздің 11 өңірінде асып түсті.

2003 жылдың қаңтар-желтоқсанындағы өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемі индексінің өзгеруі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда республика өңірлері бойынша мынадай көрсеткішті құрады : Атырауда 0,3% , Қарағандыда 2,7%, Солтүстік Қазақстан облысында 3,4%, Шығыс Қазақстанда 4,1%, Маңғыстауда 8,6%, Оңтүстік Қазақстанда 9,8%, Батыс Қазақстан облысында 10,1%, Астана қаласында 11,5%, Қостанайда 12,5%, Павлодар облысында 13,5%, Жамбыл облысында 14,2%, Алматы қаласында 15,3%, Алматы облысында 15,9%, Ақмола облысында 17,2%, Ақтөбе облысында 18,6%, Қызылорда облысында 18,7%-ті құрады.

Соңғы жаңалықтар