2003-жылдың 12 айында республика бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2002-жылғыдан 1,4 процентке артты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың 12 айында республика бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2002-жылғыдан 1,4 процентке артты

2003-жылдың 12 айында республика бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2002-жылғыдан 1,4 процентке артты

2003-жылдың қаңтар-желтоқсанында тұтастай республика бойынша, бағалау арқылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 606,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2002 жылғы осы кезеңдегіден 1,4% артық. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 28 Қаңтар 2004
  • 439
Фото - Caravan.kz

2003 жылдың 1-қаңтарынан бергі кезең ішінде барлық облыстардың ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілері ірі қара мал, жылқы, қой мен ешкі санын көбейтті. Сол көрсетілген кезең ішінде шошқа басы Қызылорда облысында (3%), құс саны — Маңғыстау (13%), Атырау (9%) және Қызылорда (1%) облыстарында азайды.

2003 жылдың қаңтар-желтоқсанында ет өндірісі көлемінің өсуі 2002 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда республиканың 12 өңірінде байқалды. Батыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласында (төмендеуі тиісінше 2 және 14,3%), сондай-ақ Қостанай облысы мен Астана қаласында ет өндірісінің көлемі өткен жылғы деңгейде қалды. Ең көп өсімге Жамбыл облысында (13,2%) қол жеткізілді, ең аз өсім Қызылорда облысында (2,3%) тіркелді.
Сүт өндірісінің өсуі Алматы қаласы (төмендеуі 2,6%) мен Маңғыстау облысынан (5,9%) басқа, республиканың барлық өңірлерінде байқалды. Ең көп өсімге Атырау облысында қол жеткізілді (14,3%).
2003 жылдың қаңтар-желтоқсанында жұмыртқа өндірісінің өсуі 2002 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстанның 9 өңірінде байқалды. Ең көп өсімге Қызылорда облысында қол жеткізілді (39,5% ).