2003-жылдың 1-маусымындағы жағдаймен "Қазкоммерцбанк" ААҚ-ның кірісі 20,8 млн. долларды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың 1-маусымындағы жағдаймен "Қазкоммерцбанк" ААҚ-ның кірісі 20,8 млн. долларды құрады

2003-жылдың 1-маусымындағы жағдаймен "Қазкоммерцбанк" ААҚ-ның кірісі 20,8 млн. долларды құрады

Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес есептелген мәлімет бойынша, 2003-жылдың 1-маусымындағы жағдаймен "Қазкоммерцбанк" ААҚ-ның кірісі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 3,2 процентке артып, 20,8 млн. долларды құрады. Бұл туралы "Қазкоммерцбанк" ААҚ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 24 Маусым 2003
  • 467
Фото - Caravan.kz

Қазіргі таңда «Қазкоммерцбанк» ААҚ-ның активтері 2,45 млрд. долларды, ал банктің жеке капиталы мен несиелік қоры 203 млн. долларды құрайды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 1990-жылы құрылған «Қазкоммерцбанк» ААҚ еліміздегі іскерлік саласындағы барлық жобаларға атсалысады. Қырғызстанда салалық бөлімшесін ашқан банк қазір Москоммерцбанкті сатып алуға дайындалуда.
«Қазкоммерцбанк» ААҚ-ның акциялары Лондон, Стамбул және Франкфурт биржаларында сатылады.
«Қазкоммерцбанк» ААҚ-ның акционерлері арасында Еуропалық қайта құру және даму банкі бар. Аталмыш халықаралық қаржы институты Қазкоммерцбанктің дауыс беруші акцияларының 15 процентін иемденеді.

Соңғы жаңалықтар