2003-жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша ҚР-ның төлем балансының оң сальдосы рекордтық жоғары көрсеткішке жетіп, 786 млн. долларды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.05
  • 534.57
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша ҚР-ның төлем балансының оң сальдосы рекордтық жоғары көрсеткішке жетіп, 786 млн. долларды құрады

2003-жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша ҚР-ның төлем балансының оң сальдосы рекордтық жоғары көрсеткішке жетіп, 786 млн. долларды құрады

2003-жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша ҚР-ның төлем балансының оң сальдосы рекордтық жоғары көрсеткішке жетіп, 786 млн. долларды құрады. Бұл тіпті тәуелсіз Қазақстан тарихында тек тоқсандық көрсеткішті былай қойып, жылдық қорытындыда қол жеткізіп көрмеген рекордтық көрсеткіш. Бұл туралы бүгін, 2-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлімдеді.

  • 2 Шiлде 2003
  • 692
Фото - Caravan.kz

Биылғы 1-тоқсанда Республикамыздың төлем балансы үшін өте қолайлы жағдай қалыптасқанын хабарлаған Г.Марченко мұндай оңды ағым 2-тоқсанда да одан әрі жалғасатынын айтты. Осыған сәйкес, Ұлттық банк төрағасының болжауынша, үстіміздегі жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша төлем балансының оң сальдосы көлем жағынан тіпті жоғары болуы тиіс.

Төлем балансының оң сальдосының жоғары болуына сырттан қаржылық ресурстардың көптеп келуі және экспорттық кіріс көлемінің біршама артуы әсер етті. Айталық, 1-тоқсан қорытындысы бойынша таза тауар экспортының тоқсандық ең жоғары көрсеткіші тіркелді. Ол 1,3 млрд. доллардан асып түсті. Бұл көрсеткіш халықаралық қызметтер импорттау көлемінің едәуір ұлғаю көрсеткішін жабуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, тауар экспортынан түскен пайда ағымдағы операциялар есебі бойынша 626 млн. долларды құраған оң сальдоға қол жеткізуге жол ашты. Г.Марченконың айтуынша бұл да рекордтық жоғары көрсеткіш болып табылады.
Сонымен бірге, бас банкирдің атап көрсеткеніндей, ел экономикасының тұрақтану ағымының одан әрі нығаюы, экспорттық кіріс көлемінің шұғыл артуы және 2002-жылдың соңында Қазақстанның дербес рейтингінің жоғарылатылуы еліміздің халықаралық капитал рыногындағы позициясын біршама орнықтырды.
Соның нәтижесінде бірінші тоқсанда шетелдік тікелей инвестициялардың оң балансы 255 млн. доллар деңгейінде тұрақтады. Бұл — 2002-жылғы көрсеткіштен шамамен 2 есе артық.