Есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардың деректері бойынша 2003-жылдың қарашасында табыс көрсеткіші 76 млрд. теңге шамасында қалыптасты, бұл 2002-жылғы қарашадағыдан 47,9% көп. Пайдалылық деңгейі — 25,1%. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан шығынды жұмыс істеген кәсіпорындардың үлесі 33,7% болды.
2003- жылдың 1-желтоқсанында ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономика салаларына салған кредиттік салымдары 949,5 млрд. теңгені құрады. Несиелендіру мөлшері тұрақты өсе түсуде. Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді кредиттер үлесі — 62,2%, шетел валютасындағы кредиттердің үлесі — 54,2%. 2003-жылдың 1-желтоқсанында банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 761,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2002-жылғы 1- желтоқсандағыдан 39,3% көп, соның ішінде халық депозиттері (салымдары) тиісінше — 325,6 млрд. теңге болды, бұл өткен жылғыдан 35,4% көп.