2003-жылдың 1-желтоқсанында ҚР мемлекеттік бюджетіне түсімдер көлемі 918,4 млрд. теңге болып, 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 21,7 процентке өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың 1-желтоқсанында ҚР мемлекеттік бюджетіне түсімдер көлемі 918,4 млрд. теңге болып, 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 21,7 процентке өсті

2003-жылдың 1-желтоқсанында ҚР мемлекеттік бюджетіне түсімдер көлемі 918,4 млрд. теңге болып, 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 21,7 процентке өсті

2003-жылдың 1-желтоқсанында ҚР Қаржы министрлігінің жедел деректері бойынша ҚР мемлекеттік бюджетіне түсімдер көлемі 918,4 млрд. теңге болды, бұл 2002- жылғы 1-желтоқсандағыдан 21,7% көп, шығыстар мен несиелендіру мөлшері 947,6 млрд. теңгені (33,4% көп), бюджет дефициті - 29,2 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 13 Қаңтар 2004
  • 498
Фото - Caravan.kz

Есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардың деректері бойынша 2003-жылдың қарашасында табыс көрсеткіші 76 млрд. теңге шамасында қалыптасты, бұл 2002-жылғы қарашадағыдан 47,9% көп. Пайдалылық деңгейі — 25,1%. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан шығынды жұмыс істеген кәсіпорындардың үлесі 33,7% болды.

2003- жылдың 1-желтоқсанында ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономика салаларына салған кредиттік салымдары 949,5 млрд. теңгені құрады. Несиелендіру мөлшері тұрақты өсе түсуде. Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді кредиттер үлесі — 62,2%, шетел валютасындағы кредиттердің үлесі — 54,2%. 2003-жылдың 1-желтоқсанында банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 761,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2002-жылғы 1- желтоқсандағыдан 39,3% көп, соның ішінде халық депозиттері (салымдары) тиісінше — 325,6 млрд. теңге болды, бұл өткен жылғыдан 35,4% көп.

Соңғы жаңалықтар