2003-жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның экспорттық өнімдерінің басым бөлігі Бермуд аралдарының үлесіне тисе, импорттық өнімдерінің басым бөлігі Ресейдің үлесінде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның экспорттық өнімдерінің басым бөлігі Бермуд аралдарының үлесіне тисе, импорттық өнімдерінің басым бөлігі Ресейдің үлесінде

2003-жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның экспорттық өнімдерінің басым бөлігі Бермуд аралдарының үлесіне тисе, импорттық өнімдерінің басым бөлігі Ресейдің үлесінде

2003-жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның экспорттық өнімдерінің басым бөлігі, яғни, 21,7%-і Бермуд аралдарының үлесіне тисе, импорттық өнімдерінің басым бөлігі 40,1%-і Ресейдің үлесінде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 16 Қыркүйек 2003
  • 560
Фото - Caravan.kz

Бұл тізімде Бермуд аралдарынан кейінгі орында Ресей (15,5%), Қытай (11,8%), Швейцария (11,4%) , Италия (7,3%). Сондай-ақ, Қазақстан тауарлары Виргиния аралдарына (4,5%), Иранға (3,3%), Біріккен Арабия Әмірліктеріне (2,8%), Украинаға (2,6%), Польшаға (2,4%), Германияға (1,2%), Ұлыбританияға (1,1%) экспортталады.

Статагенттіктің мәліметіне сәйкес, импорттық өнімдерді әкелуші негізгі елдердің қатарында мынадай елдер бар : Ресей (жалпы импорттың 40,1% ), Германия (9%), Қытай (5,9%), АҚШ (4,3%), Ұлыбритания және Украина ( 3,2%-тен), Италия (2,9%), Түркия (2,5%), Франция (2,3%), Швеция (2%), Жапония (1,8%), Нидерланды (1,7%), Финляндия (1,5%), Корея Республикасы (1,4%), Польша және Өзбекстан (әрқайсысы 1,2%-тен).
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, еліміздің сыртқы сауда айналымы 2003-жылдың қаңтар-маусым айларында өткен жылғы мөлшермен салыстырғанда 31 процентке артып 11432,6 млн. долларды, соның ішінде экспорт ауқымы 41 процентке артып 7107,2 млн. долларды, импорт ауқымы 17 процентке артып, 4325,4 млн. долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар