2003-жылдың 8 айында елімізде 5 млн. тоннадан астам мұнай өңделді - kaz.caravan.kz
  • $ 479.05
  • 534.57
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың 8 айында елімізде 5 млн. тоннадан астам мұнай өңделді

2003-жылдың 8 айында елімізде 5 млн. тоннадан астам мұнай өңделді

2003-жылдың 8 айында елімізде 5,098 мың тоннадан астам мұнай өңделді, бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 121,1 процентті құрайды. Бұл туралы бүгін, 3-қыркүйекте мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Қыркүйек 2003
  • 549
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, тамыз айында 847 мың тонна мұнай өңделіп, 2002-жылғы тамыз айындағы деңгеймен салыстырғанда 124,4 процентті құрады. Министрдің мәліметіне жүгінсек, тұтастай алғанда, 2003-жылдың 8 айында 1 млн. 239 мың тонна (104%) автожанармай мен 1 млн. 820 тонна дизельдік отын (122,3%) өндірілді.

Соған қарамастан, министрдің айтуынша, «қазір біз мұнай өнімдерінің 30 процентін Ресейден аламыз. Бұл көбінесе Қазақстанның солтүстік облыстарына қатысты. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, шілденің соңы мен тамыздың басында жанар-жағармай бағасының қымбаттауына Ресей Федерациясындағы жанар-жағармай бағасының көтерілуі әсер етті»,- деп мәлімдеді В.Школьник. Оның айтуынша, осы мерзімде Ресейдің ішкі нарығындағы мұнай құны бір тоннасына 90-100$-дан 135-140$-ға дейін қымбаттаған. Қазақстан рыногі Ресей Федерациясындағы бағаға тәуелді деп мәлімдеді министр. Сонымен бірге, оның айтуынша, мұнайдың бағасы Ирактағы оқиғадан кейін әрбір барреліне шамамен 30$ деңгейіне дейін төмендеді.
В.Школьник сондай-ақ, ауылшаруашылығындағы науқанды жұмыстар барысында елдің ішкі рыногіндегі жанар-жағармай бағасын тұрақтандыруға бірқатар қадамдар жасалды деп мәлімдеді. Атап айтсақ, ел аумағынан дизельдік отын шығаруға тыйым салатын үкіметтің №843 қаулысы шықты. Сондай-ақ, 22-шілдеден бастап Павлодар мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеуден шығарылып, облыстар әрбір мұнай өңдеу зауыттарына жауаптандырып берілді. «Дизельдік отынның зауыттардан босатылатын бағасы бір тоннасына 185$-дан аспайтындай деңгейде келісілді»,- деп атап көрсетті министр. Оның айтуынша, қазіргі таңда жанар-жағармай бағасы тұрақтанды деуге болады. Ал қазіргі дизельдік отынның қазіргі жалпы қалдығы 70,2 мың тоннаны құрайды.