2003-жылдың 8 айында Қазақстан қор биржасындағы операциялар көлемі 1,6 есе артып 21061,2 млн. долларды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың 8 айында Қазақстан қор биржасындағы операциялар көлемі 1,6 есе артып 21061,2 млн. долларды құрады

2003-жылдың 8 айында Қазақстан қор биржасындағы операциялар көлемі 1,6 есе артып 21061,2 млн. долларды құрады

2003-жылдың 8 айында Қазақстан қор биржасындағы жалпы операциялар көлемі барлық сектор бойынша өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 1,6 есе артып 21061,2 млн. долларды, немесе 3165,5 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы биржаның хабарламасында айтылған.

  • 4 Қыркүйек 2003
  • 509
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, үстіміздегі жылдың қаңтар-тамыз айларында биржадағы валюталық операциялардың көлемі 2,3 есе өсіп, 3 631,1 млн. долларды құрады. Ал 2002-жылы бүтін жыл бойғы валюталық операциялар көлемі 2 980,7 млн. долларға жеткен болатын.

Биржадан хабарлағанындай, есепті мерзімде мемлекеттік бағалы қағаздарды сату-сатып алу операциялары 40,3 процентке артып, 193,1 млрд. теңгені немесе 1 280,5 млн. долларды құрады. Ал 2002-жылы Қазақстан қор биржасындағы мемлекеттік бағалы қағаздар саудасының жалпы көлемі 300,4 млрд. теңге немесе 1 951,1 млн. долларды құраған болатын. Ал мемлекеттік емес құнды қағаздарды сату көлемі 2,8 есе өсіп 90,5 млрд. теңге немесе 600,7 млн. долларды құрады. 2002-жылғы бұл көлем 186,8 млн. доллар немесе 28,5 млрд. теңгені құраған болатын.

Соңғы жаңалықтар