Үкімет басшысының мәліметтеріне сүйенсек, үстіміздегі жылдың 9 айында еліміздегі өнеркәсіп өнімінің өсімі 107,8%-ті, ауылшаруашылығындағы Жалпы ішкі өнімнің өсімі 103,7%-ті құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 10%-ке артты. Алайда, үкімет басшысының айтуынша, «жоғарғы экономикалық өсу қарқынына қарамастан оның динамикасы төмендей түсуде».