2003-жылдың алғашқы жартысында елімізде көрсетілген қызметтер көлемі 37,1 процентті құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың алғашқы жартысында елімізде көрсетілген қызметтер көлемі 37,1 процентті  құрады

2003-жылдың алғашқы жартысында елімізде көрсетілген қызметтер көлемі 37,1 процентті құрады

Қазақстанда биылғы жылдың алғашқы жартысында қызмет көрсетуші кәсіпорындардың айналымы 190764,2 млн. теңгені, соның ішінде негізгі қызмет түрі бойынша 137889,3 млн. теңгені құрады. Бұл өткен жылғы осы мезімдегі баға деңгейімен салыстырғанда 37,1 процентке артық. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 29 Қыркүйек 2003
  • 448
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, қызметтер көлемінің 40,5 проценті немесе 55783,6 млн. теңге мөлшеріндегі басым бөлігін шағын кәсіпорындар тарапынан көрсетілген қызмет түрлері иемденеді. Ал орташа кәсіпорындар 44892,2 млн. теңге немесе 32,5 процент көлемінде қызмет көрсетті.

Статистикалық деректерге жүгінсек, жалпы қызмет көлемінің тең жартысынан астамын (61,7 процент немесе 85106,3 млн. теңге) жеке меншік кәсіпорындар көрсеткен. Ал мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар 29534,0 млн. теңгенің (жалпы көлемнің 21,4 проценті шамасындағы) қызметін ұсынған. Ал басқа мемлекеттер, олардың азаматтары мен заңды тұлғаларының иелігіндегі кәсіпорындар 23249,0 млн. теңгенің қызметін көрсетіп, бұл жалпы көлемнің 16,9 процентін құрады.

Соңғы жаңалықтар