2003-жылдың алғашқы жартысында еліміздегі Жалпы Ішкі Өнімнің өсімі 10 проценттен асты - ҚР үкіметінің канцеляриясы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың алғашқы жартысында еліміздегі Жалпы Ішкі Өнімнің өсімі 10 проценттен асты - ҚР үкіметінің канцеляриясы

2003-жылдың алғашқы жартысында еліміздегі Жалпы Ішкі Өнімнің өсімі 10 проценттен асты - ҚР үкіметінің канцеляриясы

Алдын-ала есеп бойынша 2003-жылдың алғашқы жартысында еліміздегі Жалпы Ішкі Өнімнің өсімі 10 проценттен асты. Бұл туралы бүгін, 21-шілдеде ҚР үкіметі канцеляриясының жетекшісі Алтай Тілеубердин журналистерге мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 21 Шiлде 2003
  • 484
Фото - Caravan.kz

Өнеркәсіп және көлік саласындағы көрсеткіштер 9,6%-ке, ауылшаруашылығындағы көрсеткіштер 5,2%-ке, тауар айналымы 9,9%-ке өскен. Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсімі 5,9%-ті, инфляция 2,3%-ті құрады. Сыртқы сауда айналымы 36%-ке , соның ішінде экспорт ауқымы 46%-ке, импорт 29%-ке артты. Жалақы көлемі 6,4%-ке ұлғайды. Жұмыссыздар саны 80 мың адамға азайды.

Жалпы алғанда Даниал Ахметов басқарған үкімет бұрынғы үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясатының басты бағыттары бойынша сабақтастық принципін сақтап қалды. «Реформалардың бағдарын өзгертуге үкіметке ешбір негіз жоқ»,- деді А.Тілеубердин.
Ол осы орайда үкіметтік жоспарлар жөніндегі Д.Ахметовтың баяндамасы ҚР парламенті депутаттарының тарапынан қолдау тапқанын ескертіп өтті. Бағдарламаның басты мақсаты — экономикадағы құрылымдық өзгертулерді одан әрі тереңдету болып табылады. Бүгінде 40 процентті құрап отырған экономиканың өңдеу саласына деген назар едәуір күшейтіледі. Энергетика, телекоммуникация және темір жол салаларын қысқа мерзімде жаңалау талабы күтіп тұр. Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі инфрақұрылымды дамытудың маңызы арта түсті.
А.Тілеубердиннің айтуынша, тұрғынүй-коммуналдық саладағы тауқыметтерді шешу үшін Сауат Мыңбаев бастаған жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы осы бағыттағы шаралар туралы кең көлемді бағдарламаны биылғы жыл соңына дейін ортаға салуы тиіс.
А.Тілеубердиннің хабарлауынша, өткен айда үкімет басшысы үкіметтің 5, бюджеттік комиссияның 10 отырысын өткізіп, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында болды. Сондай-ақ, Астанадағы бірқатар нысандарды аралады.

Соңғы жаңалықтар