2003-жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша Қазақтелекомның таза пайдасы 51,2%-ке артып, 7,9 млрд. теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша Қазақтелекомның таза пайдасы 51,2%-ке артып, 7,9 млрд. теңгені құрады

2003-жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша Қазақтелекомның таза пайдасы 51,2%-ке артып, 7,9 млрд. теңгені құрады

2003-жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша Қазақтелекомның таза пайдасы 7,9 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 51,2%-ке артық,- деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.

  • 29 Шiлде 2003
  • 601
Фото - Caravan.kz

Есепті мерзімде телекоммуникациялық қызмет ақысы 31,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 16,8%-ке артты. Бұл орайда телекоммуни-кациялық қызметтердің барлық түрлері бойынша пайда өсімі тіркелді.

2003-жылдың қаңтар-маусым айларында компания ҚР мемлекеттік бюджетіне салық және басқа да төлемдер түрінде 7,4 млрд. теңге қосты.
Алдын-ала бағалауға сәйкес 2003-жылдың бірінші жартысында телекоммуникациялық желілерді дамыту және жаңалау мақсатына компания 7,5 млрд. теңгенің қаржысын бөлді.
Қазақтелеком ақпаратына сәйкес, облыс орталықтары, ірі қалалар мен ауылдық елді мекендердегі телекоммуникациялық желіні сандық жүйеге көшіруге бағытталған ауқымды бағдарлама аясында 2003-жылдың бірінші жартысында 59701 жаңа номер пайдалануға берілді, соның ішінде қалалық желіде 56053 номер, ауылдық желіде 3648 номер іске қосылды. Жергілікті желіні сандық жүйеге көшіру деңгейі 45,3%-тен 46,2%-ке дейін өсті. Жетуі қиын қиырдағы елді мекендерді байланыспен қамтамасыз ету мақсатында ДАМА технологиясына сәйкес спутниктік байланыс жүйесін орнату жұмыстары жалғасын тапты. 6 айда осындай 27 спутниктік станция орнатылды. Әмбебап электрондық таксофондарды қолданысқа енгізу жобасы аясында биылғы жылы 280 жаңа таксофон орнатылып, олардың жалпы саны 5986-ға жетті.
Өткен мерзімде 97770 телефон аппараты, соның ішінде ауылдық жерлерде 30431 аппарат орнатылды. Бірінші жарты жылдықта телефон орнату жоспары 129%-ке, соның ішінде ауылдық жерлердегі жоспар 120,06%-ке орындалды.
Негізгі телефон аппараттарының таза өсімі қаңтар-ақпан айларында 75342 номерді, соның ішінде ауылдық жерлердегі өсім 23739 номерді құрады. Өсім жоспары алғашқы жарты жылдықта 165,3%-ке орындалды, соның ішінде ауылдық жерлердегі өсім 154,7%-ті құрады.
2003-жылдың 1-шілдесіндегі жағдаймен «Қазақтелеком» ААҚ желісіндегі негізгі телефон аппараттарының жалпы саны 2157200 бірлікті, соның ішінде ауылдық жерлердегі сан 388718 бірлікті құрады. Республикамыз бойынша 2003-жылдың бірінші жартысында орташа телефон тығыздығы әрбір 100 тұрғынға шаққанда 14,5 телефонды құрады, ал 2002-жылдың осы мерзімінде бұл сан 13,6 телефонды құраған болатын. Қалаларда телефон тығыздығы 19,9-дан 21-ге дейін артса, ауылдық жерлерде 5,3-тен 6-ға дейін өсті.
Ақпарат жалғастыру желісінің одан әрі дамуы және осындай қызмет түрлеріне деген сұраныстың артуы арқасында Internet желісі арналарын иемдену мерзімі арта түсті. 2003-жылдың бірінші жартысында бұл көрсеткіш 48,5%-ке артып, 223,2 млн. минутты құрады.
Сонымен бір уақытта, жоғары бәсекелестік жағдайында ұсынылатын қызмет түрлерінің молаюы және ақпарат жалғастыру желісінің белсенді дамуы салдарынан телеграфтық байланыс қызметін тұтыну ауқымы кеми түсті. Өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда ел ішіндегі телеграф траффигі 10,6%-ке кеміп, 275 мың жеделхатты құрады.
2003-жылдың бірінші жартысында ақылы халықаралық және қалааралық телефон траффигі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 20%-ке артып, 723,9 млн. минутты құрады.
Халықаралық және қалааралық телефон траффигінің құрамында бұрынғыдай республика көлеміндегі траффик дендеп, 74,7%-ті құраса, халықаралық траффик 8,3%-ті, ұялы байланыс операторлары арқылы өтетін траффик 16,9%-ті құрады. Бұл ретте республика ішіндегі траффик 21,7%-ке, ал халықаралық траффик 5,1%-ке өсті.

Соңғы жаңалықтар