2003-жылдың бірінші жартысында Алматы бюджетіне 95 млрд. теңгенің салық және түсімдері жиналып, бұл жөніндегі болжам 4 процентке артығымен орындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың бірінші жартысында Алматы бюджетіне 95 млрд. теңгенің салық және түсімдері жиналып, бұл жөніндегі болжам 4 процентке артығымен орындалды

2003-жылдың бірінші жартысында Алматы бюджетіне 95 млрд. теңгенің салық және түсімдері жиналып, бұл жөніндегі болжам 4 процентке артығымен орындалды

2003-жылдың бірінші жартысында Алматы бюджетіне 95 млрд. теңгенің салық және түсімдері жиналып, бұл жөніндегі болжам 4 процентке артығымен орындалды. Бұл туралы мәліметті бүгін, 24-шілдеде Алматы әкімшілігі коллегиясының кеңейтілген отырысында Алматы әкімшілігі экономикалық комитетінің төрайымы Лариса Васильева хабарлады.

  • 24 Шiлде 2003
  • 464
Фото - Caravan.kz

Л.Васильеваның айтуынша, үстіміздегі жылдың 6 айында Алматыда резиденттердің банкке салған депозиттерінің мөлшері 28%-ке өскен. Соның ішінде ұлттық валюта- теңгемен салынған депозиттер 2 есе артты.

Қаладағы банктердің шаруашылық субьектілеріне таратқан несиесінің көлемі 638 млрд. теңгені құрап, 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1,5 есе өсті.
Жарты жылдық қорытындысы бойынша тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді тұрғындарға шаққанда 1,5%-ті құрап, өткен жылғы көрсеткіштен азайды. Алматыда жылдық жоспардың 70%-і көлемінде, немесе 7 мың жаңа жұмыс орны құрылды.
Сонымен қатар 2003-жылдың басынан бері күнкөріс деңгейінен төменгі мөлшерде кірісі бар 11 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмекке ие болып, 8 мың адамға тұрғын үй жәрдемақысы берілді.

Перейти к новостям спорта