2003-жылдың бірінші жартысында елімізден 3,5 млн. тонна астық экспортталды- ҚР ауылшаруашылығы министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-14 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың бірінші жартысында елімізден 3,5 млн. тонна астық экспортталды- ҚР ауылшаруашылығы министрі

2003-жылдың бірінші жартысында елімізден 3,5 млн. тонна астық экспортталды- ҚР ауылшаруашылығы министрі

2003-жылдың бірінші жартысында елімізден шетелдерге шығарылған астық көлемі 14 проценке артып, 3,5 млн. тонаны құрады. Бұл туралы бүгін, 7-тамызда Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР вице-премьер-министрі, ауылшаруашылық министрі Ахметжан Есімов хабарлады.

  • 7 Тамыз 2003
  • 409
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, еліміздің астығын импорттаушы мемлекеттер саны 23-тен 38-ге жеткен.

А.Есімов : «күн райының қолайсыз ахуалына қарамастан, мамандар болжамына сәйкес, биыл астық түсімі ойдағыдай болады деп күтілуде»,- деді.
Дүниежүзілік астық рыногінде қазір Қазақстан үшін қолайлы жағдай қалыптасып отыр. «Осындай мүмкіндікті қалт жібермей, егін орағы науқанын ұйымдасқан түрде жүзеге асыру керек. Бұл үшін мүмкіндіктер толық»,- деді А.Есімов.
Алайда, делдалдық құрылымдардың қитұрқы әрекеттері салдарынан тек соңғы 20 күнде жанар-жағармай құны 40 процентке қымбаттап, 2002-жылғы тамыздағы деңгейден 46 процентке артқан. Осыған байланысты А.Есімов ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау агенттіктеріне қалыптасқан ахуалдың байыбына бару туралы өтініш жасады.