2003-жылдың бірінші жартысында Маңғыстау облысындағы жолдарда 6 адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың бірінші жартысында Маңғыстау облысындағы жолдарда 6 адам мерт болды

2003-жылдың бірінші жартысында Маңғыстау облысындағы жолдарда 6 адам мерт болды

Маңғыстау облысында 2003-жылдың бірінші жартысында облыстық ІІБ жол полициясы басқармасында 36 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, жолдарда 6 адам мерт болды, 40 адам әртүрлі дәрежеде жарақаттанды. Бұл туралы облыстық жол полициясының төрағасы Айбат Азбергенов хабарлады.

  • 18 Шiлде 2003
  • 425
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жол көлік оқиғаларының саны да (41%), қаза тапқандар саны да (38,5%) , сондай-ақ, зардап шеккендер саны да (25%) азаю аңғымы байқалып отыр.

Жол полициясы қызметкерлерінің облыс орталығындағы жол қозғалысына жасаған бақылауының нәтижесінде жол қозғалысының тәртібін (ЖҚТ) бұзу оқиғасы 21773 мәрте тіркелді. Талдау қорытындысына жүгінсек, ЖҚТ көбінесе жаяу жүргіншілер (2863) бұзса, 2753 көлік жүргізушісі жылдамдықты асырып жібергені үшін, 587 жүргізуші көлік құралын мас күйінде айдағаны үшін ұсталды.
Тәртіп бұзған 20245 адамнан 20 млн. 82 мың 107 теңге көлемінде айыппұл өндіріп алынды.
2003-жылдың 6 айында 25 қылмыстық іс әшкереленді. Соның ішінде 6 ұрлық, 6 қарақшылық тонау, 2 көлік ұрлау оқиғасы, 1 есірткі затын сақтау оқиғасы әшкереленді.
Қазіргі жағдаймен Ақтауда 30 мың 847 автокөлік тіркелген, олардың 8487-сі заңды тұлғалардың, 22387-сі жеке тұлғалардың меншігінде.

Соңғы жаңалықтар