2003-жылдың бірінші жартысында сауда-саттық тәртіптерін бұзғаны үшін Алматы қалалық СЭС 3387 айыппұл салды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың бірінші жартысында сауда-саттық тәртіптерін бұзғаны үшін Алматы қалалық СЭС 3387 айыппұл салды

2003-жылдың бірінші жартысында сауда-саттық тәртіптерін бұзғаны үшін Алматы қалалық СЭС 3387 айыппұл салды

2003-жылдың бірінші жартысында өнім сапасы талапқа сәйкес келмеуге байланысты Алматыдағы жайма базарларда қалалық СЭС 3387 айыппұл салды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінен хабарлады.

  • 4 Тамыз 2003
  • 448
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты 252 іс аудандық ІІБ-іне, 184 іс прокуратураға, 230 іс сотқа тапсырылып, 1345 адам жұмысынан босатылды, 89 нысан жабылды.

Қоғамдық тамақтандыру мекемелерінде тағам сапасының талапқа сай келмеу көрсеткіші 9,7%-тен 6%-ке дейін азайды. Сонымен қатар, қала базарларында тәркіленген шығыс салаттары, шұжық және балық өнімдерінің талапқа сай келмеу оқиғалары тіркелді.
Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мәліметіне сәйкес, 2003-жылдың бірінші жартысында Алматыда ауыз су сапасы, сондай-ақ, ет және балық өңдеу, спиртсіз ішімдік өнімдерін өндіруші зауыттар мен азық-түлік өнеркәсібі цехтарында өнім сапасы тұрақтанды.

Соңғы жаңалықтар