2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Өскеменде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,5 млрд. теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Өскеменде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,5 млрд. теңгені құрады

2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Өскеменде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,5 млрд. теңгені құрады

2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Өскеменде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,558 млрд. теңгені құрады (Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы инвестицияның 43 %). Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда

  • 1 Шiлде 2003
  • 452
Фото - Caravan.kz

6,6 % төмен. Бұл туралы қалалық статистикалық басқармадан KZ-today тілшісіне хабарлады.

Инвестициялардың басым бөлігі, дәлірек айтсақ, 50,3% -і құрал-жабдық, сайман және керек -жарақ сатып алуға, 48,9%-і құрылыс-нысандарды салу және күрделі жөндеу мақсаттарына жұмсалды.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның 92,3 проценті кәсіпорын және ұйымдардың өз қаржысы есебінен (2002-жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 86,5 процентті құраған болатын), ал 0,5 проценті республикалық бюджет есебінен (2002-жылы 0% ), 7,1 проценті жергілікті бюджет есебінен (2002-жылы 13,5%), 0,1 проценті шетелдік инвестиция есебінен (2002-жылы 0%) шығарылды.
Негізгі капиталға салынған инвестицияны құрылымдық тұрғыдан алсақ, 63,7 проценті өңдеу өнеркәсібіне, 7,4 проценті көлік және байланыс саласына, 6 проценті электр энергиясы, газ және су тарату саласына салынды.

Соңғы жаңалықтар