2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Өскемендегі еңбекпен қамту қызметтері 1833 адамды жұмысқа орналастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Өскемендегі еңбекпен қамту қызметтері 1833 адамды жұмысқа орналастырды

2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Өскемендегі еңбекпен қамту қызметтері 1833 адамды жұмысқа орналастырды

2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Өскемен қалалық еңбекпен қамту қызметтеріне 2790 адам (2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 77,7 процент) өтініш білдіріп, олардың 1833-і (110,2 процент) жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы қалалық еңбекпен қамту орталығынан KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 3 Шiлде 2003
  • 480
Фото - Caravan.kz

2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Өскемен қаласы бойынша азаматтарды еңбекпен қамту деңгейі 65,7 процентті құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 19,4 процентке өсті. Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша бұл көрсеткіш 37,3 процентті құрады.

Жалпы алғанда, 1-шілде күнгі жағдаймен қалада 5777 адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркеліп отыр.
Жұмыспен қамту орталығында атап көрсеткеніндей, Шығыс Қазақстан облысының әр аудандарында жұмыс табу мүмкіндіктері әртүрлі. Көкпекті, Абай, Бесқарағай, Қотан-Қарағай және Зайсан аудандарында жұмыс табу қиындық тудырса, Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен Зырянов аудандарында еңбекпен қамту деңгейі жоғары болып келеді.
Үстіміздегі жылдың бес айында ақылы қоғамдық жұмыстарға 915 адам тартылса, 344 жұмыссыз жан кәсіби оқытуға жіберілді.
Кәсіпорындар мен ұйымдар тарапынан еңбекпен қамту мекемелеріне қызметкерге мұқтаждық таныту деңгейі 2003-жылдың 1-шілдесінде 1833 адамды құрады. Өскемен қаласында бос бір жұмыс орнына орта есеппен тіркеудегі 3 жұмыссыз таласса, Шығыс Қазақстан облысы бойынша бұл көрсеткіш 8-ге жетті. Облыс бойынша бос деп жарияланған жұмыс орындарының 66,2 проценті Өскемен қаласыныңы үлесіне тиді.
2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Өскеменде әртүрлі экономикалық себептермен 27 адам еңбек ететін бір кәсіпорын жұмысын мүлдем тоқтатса, тағы үшеуі жартылай жабылды. 835 адам ықтиярсыз демалысқа жіберілді.

Соңғы жаңалықтар