2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Өскемендік кәсіпорындардың сыртқы сауда айналымы 325 млн. долларды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Өскемендік кәсіпорындардың сыртқы сауда айналымы 325 млн. долларды құрады

2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Өскемендік кәсіпорындардың сыртқы сауда айналымы 325 млн. долларды құрады

2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Өскемендік кәсіпорындардың сыртқы сауда айналымы 325 млн. долларды құрады ( Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы көрсеткіштің 76,4 % ). Бұл 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4,8 % төмен. Бұл туралы қалалық статистикалық басқармадан KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 1 Шiлде 2003
  • 539
Фото - Caravan.kz

Ал экспорт көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 18,5%-ке азайып, 154,9 млн. долларды құрады, импорт 170,3 млн. долларға жетіп, өткен жылғыдан

12,3 % артты. Экспорт көлемінің импорттан азаюы салдарынан сыртқы сауда сальдосы 15,4 млн. доллар көлеміндегі пассивті көрсеткішті құрады.
2002-жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда шетелдерге шығарылатын экспорттың азаюы химиялық өнімдер, пластмасса және каучук экспортының 57,3 процентке, минералды өнімдер экспортының 50 процентке, пәс металлдар экспортының 14 проценке, азық-түлік өнімдерінің 17,6 процентке азаюы есебінен болып отыр.
Ал шетелдерден әкелінетін қағаз және одан жасалған өнімдер көлемінің 8 есе, азық-түлік өнімдері мен өндірістік шикізат өнімдерінің 2 есе, табиғи материалдар мен әйнек бұйымдардың 34,2 процентке, химиялық өнімдер, пластмасса және каучук импортының 12,6 процентке артуы есебінен 2002-жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда импорт ауқымы артты.
Экспорттың 92,2 проценті, импорттың 81,3 проценті еркін конвертациялық валюта есебінен жүзеге асырылды.
Өскемендік өнімдер дүниежүзінің 34 еліне экспортталды, соның ішінде экспорттық өнімдердің жалпы көлемінің 29,8 % Швейцарияға, 15,4% -Қытайға, 13,8 % Ресей Федерациясына, 11,4% АҚШ-қа, 6,9% -Нидерландыға шығарылды. Ал дүниежүзінің 43 елінен өнім сатып алынды, атап айтсақ, Ресейден 74%, Германиядан — 4,2%, Украинадан — 3,4%, Перу және АҚШ-тан — 2,8%, Қытайдан — 2,5%.

Соңғы жаңалықтар