2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп орындары 10055 млн. теңгенің өнімін өндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп орындары 10055 млн. теңгенің өнімін өндірді

2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп орындары 10055 млн. теңгенің өнімін өндірді

2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындары (шағын және қосалқы кәсіпорындар, шаруа қожалықтарын қоса есептегенде) қазіргі баға бойынша 10055 млн. теңгенің өнімін өндірді , бұл 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,5 процент артық.

  • 18 Маусым 2003
  • 636
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық статистикалық басқармасынан хабарлады.

Өңдеу өнеркәсібінің өнімі жалпы өнеркәсіп өнімінің 64 процентін (азық-түлік өнімдерін өндіру — 38%, машина жасау саласының өнімі — 16%) құрайды.
3832 млн. теңгенің азық-түлік өнімдері өндірілді, бұл — 2002-жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 2,3 процент аз. Азық-түлік өнімдерін өндіру мөлшерінің азаюына маңызды өнеркәсіп өнімдерінің арасында 20-ға жуық процентті иемденген ұн өндіру көлемінің 16 процентке кемуі әсер етті. Ет және ет өнімдерін өндіру 27 процентке, макарон өндіру — 4 процентке, сүт және сұйық қаймақ өндіру — 7,5 процентке, сүт және қойытылған қаймақ өндіру — 3,4 есе, шай өндіру- 2,4 есе, кондитерлік өнімдер өндіру — 19,3 процентке артты.
Машина жасау саласында 1591 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өнім көлемінің индексі 106,4 процентті құрады (биылғы жылдың қаңтар-сәуірінде 103,2 процентті құраған). Арнаулы машина түрлерінің қосалқы бөлшектерін өндіру 6,6 есе, двигатель өндіру 35,3 процент, ауыл және орманшаруашылығы машиналарының қосалқы бөлшектерін өндіру 2,9 процентке, трактор сүйретпесінің шассиін өндіру 37,5 процентке артты, сондай-ақ, машина және жабдықтар орнату, жөндеу және техникалық күтім тәрізді қызмет түрлерін көрсету ауқымы 9,9 процент артты.

Соңғы жаңалықтар