Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі мөлшерінің индексі 4,1%-ке артты.
Өскемендегі өнеркәсіп өнімінің басым бөлігі — 95,7% — 50-ден артық адам жұмыс істейтін ірі кәсіпорындардың үлесінде.
Жалпы өнеркәсіп өнімінің 85,4%-ін иемденетін өңдеу өнеркәсібінде биылғы жылдың 6 айында 35,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өнім көлемінің индексі 3,7%-ке артты.
Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда машина жасау өнеркәсібіндегі өнім 59,8%-ке, химия өнеркәсібінің өнімі 4,6%-ке, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің өнімі 9,7%-ке, мыс өндіру көлемі 15,4%-ке өсті.
Ал ағаш және ағаш бұйымдар өндіру мөлшері 7,6%-ке азайғанына қарамастан кеңселік жиҺаз өндіру мөлшері 90%-ке артып отыр.
2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тоқыма өнеркәсібінің өнімі 44,8%-ке, металлургия өнеркәсібінің өнімі 8,5%-ке кеміді.
2003-жылдың басынан бері қаладағы тасымалдаушы кәсіпорындар 945,5 мың тонна жүк тасымалдады. 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі 17,2%-ке азайды. Сонымен бірге, 14,2 млн. жолаушы тасымалданды. Бұл 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 16,2%-ке артық. Жалпы алғанда жолаушы тасымалдау ауқымы 55,5%-ке кеміді.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр
Жаңалықтар
23 Сәуiр