2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Павлодар облысында ауылшаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында 954,7 млн. теңге игерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Павлодар облысында ауылшаруашылығын дамыту  бағдарламасы аясында 954,7 млн. теңге игерілді

2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Павлодар облысында ауылшаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында 954,7 млн. теңге игерілді

2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Павлодар облысында ауылшаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында 954,7 млн. теңге игерілді. Ал жыл соңына дейін осы мақсатта 2260,8 млн . теңге игеру көзделген. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Шiлде 2003
  • 536
Фото - Caravan.kz

Биылғы жылдан бастап жүзеге асырылатын ауылшауашылығын дамыту бағдарламасына барлық сатылы бюджеттен қысқа және орта мерзімді несиелендіру арқылы барлығы 2260,8 млн. теңге бөлінбекші. Оның 1636,3 млн. теңгесі республикалық, 494,3 млн. теңгесі облыстық, 130,2 млн. теңгесі қалалық және аудандық бюджеттерден шығарылады. Биылғы жылғы жалпы қаржыландыру деңгейі өткен жылғыдан 2 есе артық.

Ауылшаруашылығы тауарларын өндіруші шаруашылықтарға несие түрінде 1518,9 млн. теңге , басқаша айтқанда, жалпы қаржыланддыру көлемінің 67,2%-і жұмсалады. Көктемгі тұқым себу науқанына 440 млн. теңге көлемінде несие бөлінді. Бұл қаржыға жанармай, қосалқы бөлшектер мен жоғары өнімді тұқымдар сатып алынды. Соның нәтижесінде негізгі агротехникалық шараларды дер кезінде жүзеге асыруға мүмкіндік жасалды деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Биылғы жылы облыстағы ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқаптарының көлемі 918,9 мың гектарды құрады. Бұл 2002-жылғы деңгейден 8,3%-ке артық. Соның ішінде астық дақылдары себілген алқап 573,8 мың гектарды (өткен жылғы деңгейдің 105,4%-і шамасында) , бидай себілген алқап 426,4 мың гектарды, күнбағыс алқабы 80,4 мың гектарды құрады. Алайда алдағы уақыттарда облыста егістік алқаптарының ауқымын кеңейту көзделмей отыр. Шаруашылықтар болашақта әсіресе астық сапасына баса назар аудармақ ниетте. Егер 2002-жылы дихандар 41% көлемінде жалпы репродукциялық тұқым пайдаланса, биылғы жылы алқаптардың басым бөлігіне сапалы тұқым себілді.
Сондай-ақ, баспасөз қызметінен хабарлауынша, ауылшаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында облыстағы шаруашылықтарда ауылшауашылығы техниккасын жаңалау жұмыстары жүргізілуде. Биыл облыстық шаруашылықтар лизинг арқылы 12,1 млн. теңгеге ЖВП-9,1 маркалы 9 техника алды. Сондай-ақ, шаруашылықтар өз қаржысы есебінен ЖВП-9,1 жаткасы мен МТЗ-82УК маркалы 2 трактор сатып алды. Жалпы алғанда 213,5 млн. теңгеге әртүрлі маркалы 62 техника алу жөніндегі келісімге қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар