2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпорындардың сыртқы сауда айналымы 505,3 млн. теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпорындардың сыртқы сауда айналымы 505,3 млн. теңгені құрады

2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпорындардың сыртқы сауда айналымы 505,3 млн. теңгені құрады

2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпорындардың сыртқы сауда айналымы 505,3 млн. теңгені құрады. Бұл 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4,1 % төмен. Ал Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы сыртқы сауда айналымының 75,2%-і облыс орталығы-Өскемен қаласының үлесіне тиеді. Бұл туралы қалалық статистикалық басқармадан KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 18 Шiлде 2003
  • 511
Фото - Caravan.kz

Ал экспорт көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 12,7%-ке азайып, 262,4 млн. долларды құрады, импорт 242,9 млн. долларға жетіп, өткен жылғыдан 7,2 % артты.

Сыртқы сауда сальдосы 19,5 млн. доллар көлеміндегі оң көрсеткішті құрады.
Экспорттың 91,5 проценті, импорттың 75,9 проценті еркін конвертациялық валюта есебінен жүзеге асырылды.
Шығыс Қазақстандық өнімдер дүниежүзінің 39 еліне экспортталды, соның ішінде экспорттық өнімдердің жалпы көлемінің 24%-і Швейцарияға, 31,3%-і -Қытайға, 13,6%-і — Ресей Федерациясына, 7,5%-і — АҚШ-қа шығарылды.
Ал дүниежүзінің 49 елінен өнім сатып алынды, атап айтсақ, Ресейден 69,8%, Германиядан — 4,8%, Украинадан — 3,4%, АҚШ-тан — 3,8%, Қытайдан — 2,7%.

Соңғы жаңалықтар