2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Шығыс Қазақстан облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 11 млрд. 282 млн. теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Шығыс Қазақстан облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 11 млрд. 282 млн. теңгені құрады

2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Шығыс Қазақстан облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 11 млрд. 282 млн. теңгені құрады

2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Шығыс Қазақстан облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 11 млрд. 282 млн. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 19,9% артық. Бұл туралы облыстық статистикалық басқармадан KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 18 Шiлде 2003
  • 498
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстан облысы республикалық жалпы инвестиция көлемінде 3%-тік үлес иемденіп, 10-орында тұр. Ал Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы инвестицияның 45,8%-і Өскемен қаласының үлесіне тиеді.

Инвестициялардың басым бөлігі, дәлірек айтсақ, 33% -і өңдеу өнеркәсібіне, 22,6%-і тау-кен өнеркәсібініне, 22,4%-і көлік және байланыс саласына , 2,4%-і ауылшаруашылығына арналды.
Инвестицияның 44,4% -і құрал-жабдық, сайман және керек -жарақ сатып алуға, 54%-і құрылыс-нысандарды салу және күрделі жөндеу мақсаттарына жұмсалды.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның 83,8 проценті кәсіпорын және ұйымдардың өз қаржысы есебінен (2002-жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 87,6 процентті құраған болатын), ал 10 проценті республикалық бюджет есебінен (2002-жылы
0,8% ), 4,8 проценті жергілікті бюджет есебінен (2002-жылы 8,3%), 1,4 проценті шетелдік инвестиция есебінен (2002-жылы 3,3%) шығарылды.

Соңғы жаңалықтар